Қысқы Олимпиада басталды

0 10

Бүгін Қытай астанасы Бейжің қаласында 24-ші Қысқы Олимпиаданың жалауы желбіреді. Байрақты бәсекеге төрткүл дүниенің 90-нан астам елінен 4 мыңға жуық спортшы қатысады. 7 спорт түрінен 109 медаль жиынтығы жүлдеге қойылады.

Ақ Олимпиадада Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Ұлттық құрама қолында 87 жолдама бар. 34 спортшы жарыс жолына шығады.  Аспан асты еліндегі Олимпиада ойындарын отандық «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарының тікелей трансляцияларынан көруге болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.