«Дикий Арманның» анасы қырғыз елінен кешірім сұрады

0 1 080

Атышулы Арман Жұмагелдиевтің анасы қырғыздардан кешірім сұрап, видеоүндеу жолдады. Қаңтар оқиғасы кезінде қырғыздарды айыптаған ұлының әрекетін ақтаған ана «жаман ойы болған жоқ» деп отыр.
«Дикий» Арманның анасы қырғыз елінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде Арман Жұмагелдиевтің анасының кешірім сұраған бейнежазбасы тарады. Ол қаңтар оқиғасы кезінде бүлікке қатысты деп қырғыздар айыптаған. Бұған қатысты қырғыз елінің азаматтары наразылық білдіріп, «Дикий» Арманның сөзін жоққа шығарған.

«Ассалаумағалейкүм, қырғыз елі! Сіздердің алдарыңызда үлкен басыммен кешірім сұраймын. Мен Руза Хамзақызы жетпістегі зейнеткермін. Арман Бақытұлы Жұмагелдиевтің анасымын. Оны көпшілік «Дикий» Арман деп танисыздар ғой. Ал сіздердің талай рет кешірім сұрар еді. Осындай жағдайда отырғаннан кейін оның және өзімнің атымнан сіздердер (қырғыз елінен) кешірім сұраймын. Ол бір жерде дұрыс сөйлемеген шығар. Жағдайды дұрыс дұрыс түсінбеген соң екі ортада жанағы ұлтараздық жағдай болып кетті ме, білмеймін. Жүрегім ауырды. Оның шын мәнінде жаман ойы жоқ еді. Арман қырғыз елін өте қатты жақсы көреді. Әрқашанда мақтан тұтып, «қандай ержүрек, патриот, керемет халық» деп айтып жүреді. Алланың бұйрығы шығар, ол қырғыздың қызын алып, құда-құдағи болып отырмыз. Қырғыздың қызы Айкөл Аликжанқызы менің тұңғыш немеремді босанды. Біз бақытты өмір сүріп отыр едік. Соны көруге келген еді ғой. Осындай жағдайға душар болады деп кім білді. Мен сіздерден тағы да кешірім сұраймыз. Біз өте жақынбыз, қырғызбен құда-құдағимыз. Құда — мың жылдық, күйеу — жүз жылдық дейді. Пайғамбар күйеубаласын сыйлаған. Сондықтан сыйлап, кешіріп, жақсы қатынаста болайық», — деді «Дикий» Арманның анасы бейнеүндеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.