Қырынған соң…

0 31

Қырыну — тері үшін үлкен стресс. Қырыну теріні күн сайын зақымдайды, табиғи қорғаныс тосқауылын бұзады. Тері тозуының алдын алу үшін мына кеңестерді пайдаланып көріңіздер.

— Терінің қабаруына қарсы алоэ ең жақсы табиғи құрал деп есептеледі. Бір жапырағын жұлып алып, сөлін бірден жағыңыз. Оның орнына — алоэның 100 пайыздық гелі бәрінен жақсы.

— Авакадо дейтін тропикалық жеміс бар. Тітіркенген теріге соның бір тілімін жабыстырсаңыз жетіп жатыр.

РЕКЛАМА
— Қияр терінің әртүрлі сырқатына қарсы әбден сыннан өткен амал. Оның бір кесімін тітіркенген теріге басады.

— Қиярдың қабығын алып тастап, оны езгілеп, тері­ге жағуға болады. Оған авакадоның езілген жұмсағын қоссаңыз бәрінен жақсы.

— Тітіркенген теріге календула қосылған май жағы­ңыз. Осы өсімдіктің гүлінен алынған экстракт тері­нің әр түрлі зақымдалуына қарсы қолданылады.

— Ұстарамен қырынатын болсаңыз оның жүзін төрт реттен артық қолданбаңыз. Оның жүзі мұқалып қалса, ұстараны теріге қаттырақ батыруға тура келе­ді де, ол одан әрман тітіркендіреді. Бір рет қырынуға арналған станоктарды үш рет қырынған соң шаруасы біткен зат ретінде лақтырып жіберіңіз.

— Станок пен электр қырынғышын кезек­-кезек пай­даланыңыз. Бір айда біреуімен, екінші айда екіншісі­мен қырыныңыз.

— Сіз станокты ұстарамен қырынсаңыз теріңізді, шашыңызды суға жақсылап жұмсартыңыз.

— Қырыну үшін жақсы крем пайдаланыңыз.

— Қырынып болғаннан кейін лосьон пайдаланба­ңыз.

— Шылым тартуды тастау керек.

— Сондай-ақ алкогольден де бас тарту керек: ол ағзаның тез тозуына, беттің солғындауына соқтырады.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.