1. Ол екіншісін алды. Алла рұхсат еткен..Егер бесіншісін алып жатса ғана, қатты қайғыруға болады.
2. Ол қайтыс болып кеткен жоқ, тек тағы үйленді. Бір күн көріспесеңіз де, келесі күні көресіз. Қаншама әйелдер жесір қалып, мәңгілікке күйеулерінен айырылып жатыр.
3. Мейлі, 2 күнде болса да бір келеді. Әртүрлі жағдайларға, жұмысына байланысты кей әйелдер отағасын айлап, тіпті жылына бірнеше рет көреді.
4. Ол зина жасап жатқан жоқ, ол халалынан үйленді. Ол сауапты іс жасады. Мұсылман адам сауапты амал жасағанда қайғыруға бола ма?
5. Ол үйленді, сізбен ажырасып кеткен жоқ.
6. Ол мұсылман әйелге үйленді. Ал мұсылман әйел сіздің бауырыңыз. Бауырыңыз жалғыз жүргенше, тұрмысқа шыққанына қуана аласыз ба? 7. Оған әйелдер ұнайды, демек ол нағыз еркек.
8. Ол осыны жасады. Демек оның бір Аллаға деген тәуекелі бар және өзіне сенімді. Екі әйелді бірдей өз жауапкершілігіне ала алатын ер адамдар санаулы ғана.
9. Ол Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) сүннетін орындады.
10. Ол Құрандағы аятқа амал етті.
11. Ол Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) үмметін көбейгенін қалайды. Өйткені Расулуллаһ қияметте үмметінің көптігімен қуанады. Сондықтан, күйеуіңіз екінші əйел алса жылап, қайғырып өмірден түңілмей, бұл нəрседен сауап үміт етіңіз. Əр нəрседе хайыр бар