«Супермамасита» атымен танымал блогер Әлия Байтұғаева күні кеше желі оқырмандарымен кездесті.
Сол кездесуде ол қыз-келіншектерге қызыл жіп сатты, деп хабарлайды Экспресс К ақпарттық порталына сілтеме жасаған Zhambylnews.kz AA.
Видеоны Супермамаситаның өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбада танымал блогер келіншектердің білектеріне қып-қызыл жіп тағып жатыр. Әлия оны ақшаға сатқан. Өзінің айтуынша, ол жіптерді киелі орындарға барып оқытып қайтқан.
Мен бұл жіпке қаншама күш-қуатымды сарп еттім. Жіпті таққан адамның арманы орындалсын деп оны Дубай, Ташкент және еліміздің мешіттеріне барып, дұға оқыттым,
Видеоны көрген желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынай жөнелді.
«Шетінен алаяқтар, ақша табудың жолы». «Осы супермамасита түк көрмеген… Жалмаң-жалмаң етіп қалған», «Ақымақ кызыл жiп адамды байытса неге еңбектеніп жүрміз», «Аңқау елге — арамза молда»,