Рамен қалай дайындаймыз?

0 16

Тауық етінен дайындалған рамен көпшілік жасөспірімге ғана емес, сондай-ақ кішкентай балаларға да ұнайды. Әсіресе, бұл тағамды жапон мультфильмдерін ұнататын балалар жақсы көреді. Себебі басты кейіпкерлер әрбір сериясында осындай кеспе-сорпаны күшті тәбетпен жеп отырады.

Негізі рамен жапондық тағам емес. Мұндай тағамды ертеде Қытайда және Орта Азияда дайындаған. Ол Жапонияға Қытайдан XII ғасырда келіп, кең таралып, 1980 жылдары елдің мәдени мұрасына айналды.

Үйде раменді кез келген сорпаға дайындайды. Раменнің бізге үйреншікті сорпалардың басты айырмашылығы — барлық ингредиенттер бөлек-бөлек қайнатылады және дайын болған соң бір кесеге араластырылады.

Раменға арналған сорпаны тауық қанатшаларынан және сүйектерінен дайындап алыңыз. Ал кеспені қалауыңызға қарай таңдаңыз: жұмыртқадан жасалған, бидайлы, күрішті.

Қажетті ингредиенттер:

— 300 г тауық қанатшалары;
— 300 г тауық сүйектері;
— 20-30 г зімбір тамыры;
— 4 ас қасық соя тұздығы:
— 500 г жылдам пісетін кеспе;
— дәміне қарай тұз;
— 1 порцияға 1 жұмыртқа.

Тауық сүйектері мен қанатшаларын жуып, кәстрөлге саламыз. Үстіне су құйып, 30-40 минут қайнатамыз. Сорпадан тауықты алып, сүйектерінен етін алып аламыз. Етті кесеге саламыз.

Сорпаны сүзіп алып, қайтадан кәстрөлге құямыз. Зімбірді тазартып, сорпаға үккіштен өткізіп саламыз. Сорпаға соя тұздығын құямыз. Дәміне қарай тұз салып, сорпаны 5-10 минут шамасында жай отта қайнатамыз.

Басқа ыдысқа су қайнатып, кеспе пісіреміз. Ол шамамен 5-7 минутта піседі, содан соң оны сүзекіге саламыз.

Суға жұмыртқа пісіріп қоямыз. Үйде неше адам сонша жұмыртқа қажет.

Кеспені тауық еті салынған кеселерге салып шығамыз. Үстіне сорпа құямыз. Жұмыртқаны екіге бөліп, оны да кесеге сорпаның бетіне саламыз. Ұсақтап туралған ақжелкен немесе аскөкпен безендіруге болады.

Қалауыңызға қарай, раменға балдыр, бамбук, көк жуа және чили бұрышын қосуға болады.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.