Дәрігер піскен қарбызды қалай таңдау керегін айтты

0 10

Эндокринолог әрі диетолог Татьяна Филиппова «Бесінші арнаға» берген сұхбатында піскен қарбызды қалай таңдау керегін айтып берді.

Диетологтың пікірінше, салмағы бес-жеті килограмм болатын орташа көлемді қарбызға назар аудару керек.

«Сабақ жағы құрғақ, түсі қарама-қайшы болуы керек. Сырты зақымданбаған, қатты және бүйірінде сары дақ болуы қажет. Тақылдатқанда күңгірт дыбыс шығып тұрсын. Егер дыбыс қатты болса және басқа да шарттар орындалса, бұл қарбыздың піскенін білдіреді», — деді диетолог.

Сондай-ақ дәрігер гигиенаны ұмытпауға және қарбызды тамақ ішер алдында міндетті түрде жылы сумен және сабынмен жууға шақырды.

«Қарбызды жуып, оны топырақ қалдығынан, шаң мен микроорганизмдерден тазалайсыз, олар кесілген кезде жемістің ішіне еніп, улануға әкелуі мүмкін», — деді Филиппова.

Дәрігер қарбызды қараңғы және салқын жерде сақтауға кеңес берді.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.