Жуалыда сәлем салмаған келін соттан бірақ шықты

0 2
Бұл туралы Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді

Жуалы аудандық сотында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылық бойынша ерекше іс қаралды.

ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес (отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөйлеу) азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сүйенсек, мейрамханада өткен үйлену тойы кезінде ер адам жұбайынан қазақтың ежелгі дәстүріне сай өзінің үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген. Алайда келін бұл өтінішті орындаудан бас тартқан. Осы жағдайға байланысты ерлі-зайыптылар арасында үйге келген соң жанжал туындап, күйеуі әйеліне дөрекі сөздер айтқаны анықталды.

Сотта ер адам өз әрекетіне өкінетінін айтып, кінәсін толық мойындады. Ол жұбайынан кешірім сұрап, істі медиация тәртібімен тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші күйеуі қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін қайтарып алып кетуді дөрекі түрде талап еткенін түсіндірді. Сондай-ақ олда татуласуға байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

Нәтижесінде сот тараптар медиация арқылы келіскендіктен, әкімшілік іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулы шығарды.

Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.