Түркістан облысының Арыс қаласында жүк көлігіне су толтырып, түнгі уақытта қаланың ішінде жылжымалы бассейнмен шомылып жүрген жігіттер ұсталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жігіттердің мұндай ерсі әрекеті жергілікті полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Өңірдің ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік шара қолданылуда.