Піскен күрішті дұрыс сақтамаса, адам өміріне аса қауіпті, деп жазады Nature Microbiology басылымы Австралия ұлттық университетінің ғалымдарына сілтеме жасап.
Зерттеу барысында анықталғандай, бұл дақылдың құрамында Bacillus cereus атты қауіпті бактерия бар, ол көмірсуға бай азық-түлікті бүлдіреді.
«Бактерия әртүрлі жағдайда тіршілік етеді: топырақта, жануарлардың ұлпасында, жәндіктерде, шаң-тозаң мен өсімдіктерде. Сонымен бірге азық-түлікте тез көбейеді. Әсіресе, күріш, сүт өнімдері мен көкөністер олар үшін жайлы орта болып саналады», — делінген хабарламада.
Піскен күріш бөлме температурасында ұзақ тұрып қалса, Bacillus cereus бактериясы белсенді көбейе бастайды, ал оны жеген адам уланып, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Бастапқы белгілері: құсу, ыстығы көтерілу, ағзаның жалпы улануы.
Зерттеушілер анықтағандай, кей жағдайда бауыр қызметіне орасан зор зияны тиіп, адам өліміне себеп болуы ықтимал. Жүкті әйелдер, сәбилер мен иммунитеті төмен адамдарға аса қауіпті.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан