Мықты жүйке жүйесін қалыптастырып, барлық жерде өзіңізді дұрыс ұстауды үйренгіңіз келсе, мына қағидаларға көз жүгіртіңіз.
Қорқыныштан қашпау
Қорқынышты жай ғана физикалық сезім деп қабылдап, оны сарапқа салыңыз. Көзіне тіке қарауға қорқатын нәрселеріміз бізді өлімге дейін жеткізуі мүмкін. Оны көрген фильмдеріңіз секілді деп елестетіңіз. Фильмдерді жай ғана көзбен көреміз, бірақ ол шын өмірде жоқ, сол секілді сіз қорқатын құбылыс та өтіп кетеді деп ойлаңыз.
Өткенмен өмір сүрмеу
Барлығын басынан бастауға ешқашан кеш болмайды. Бірақ өзгеру үшін өткенге қош деу керек. Өтіп кеткен шақтың сәтсіздіктері мен келеңсіздіктерін өмір бойы естен шығармай, мида арқалап жүрудің пайдасы жоқ. Тек соны қайталамайтындай сабақ болса болғаны.
Өзіңізге өкпе артпау
Өмірде кемшіліксіз адам болмайды. Өзіңізге ұнамайтын қырыңыз болса, жай ғана ұнамайтынын айтып жұртты жалықтырғанша өзгеріңіз, өзертуге келмейтін құбылыс болса, оны сол күйінде қабылдап, жақсы жағын іздеңіз.
Өзгелерге көмектесіңіз жаныңыз жай тапқанын байқайсыз.
Өзіңізді қалай сезініп тұрсаңыз да, көңіл күйіңіз болмаса да, басыңыз ауырса да, еңсеңізді түсірмей, кеудеңізді тік ұстаңыз.
Дереккөз: massaget.kz