Қыс, көктем, күз мезгілдерінде адам ағзазы әлсірей бастайды. Аурушаңдық басып, салқын тиіп, иммундық жүйеміз сыр бере бастайды. Бұл жайттарға алдын-ала дайын болғандығымыз артықтық етпейді.
Үй жағдайында қолданып, қабылдауға болатын алты тәсілді жадыңыздан шығармағаныңыз жөн болар.
Ең алдымен, әлсіздік кейпін таныта бастаған ағзаңызға, алма жемісінен жасалған сусынды ішіңіз. Жарты сағатта дайын болатын шәй секілді сусын дайындау үшін, бір алма жеткілікті. Орташа температурада бір алманы үш бөлікке бөліп, бал қосып қайнатып ішіңіз.
Екіншіден, апельсин шайын ішіңіз. Ол үшін, апельсин, лимон бөліктерін қосып, 1 литр қайнаған суға 5 минут тұндырып алып ішсеңіз жетіп жатыр.
Үшіншіден, 6 шай қасық қара шайды 500 гр суға қайнатып алып, қарақат қосып ішсеңіз ағзаңызға арналған таптырмас дүние. Қалауыңызға қарай, қант сала аласыз.
Төртіншіден, компьтер алдында көп отыратын жандарға тапсырмас тәсіл 200 гр қайнатылған суға, 1 шай қасық бал қосып, 0,5 шай қасық көлемінде зімбер қосып, араластырып ішсеңіз иммундық жүйеңізді қалыпқа келтірері хақ.
Бесіншіден, 2 киви, 1 банан, 1 апельсин, 1 лимон, 2 мандарин, 2 ас қасық грек жаңғағын қосып, қаймаққа араластырып жеңіз. Таптырмас дүние.
Алтыншы, күнделікті қабылдауға кеңес береміз. Жаңғақ ,мейіз, кептірілген өрікті балмен араластырып күніне 2-3 рет қабылдаңыз. Суық күндерде жылы лебіздерді жылы шәймен еске алып, денсаулықтарыңызды бір қалыпты деңгейде ұстаңыз.
Дереккөз: massaget.kz