Samsung 5G байланыс жүйесіне арналған смартфон шығарды

0 11

Samsung компаниясы уақыт көшінен кешігіп қалған емес. Мобильді технология әлеміндегі соңғы өзгерістерді назарға ала отырып, өз өнімдерін күн санап жаңартып келеді. Оңтүстік Кореяда 5G байланыс жүйесінің қосылғанын ескеріп, жаңа смартфондарын таныстырып та үлгерді.

5G байланыс жүйесі жуырда қолданысқа енетінін болжаған мамандар жаңа смартфондарын дайындап та үлгерген. Жаңа өнімдері Samsung Galaxy S10 5G деп аталады. Таныстырылым салтанатына Оңтүстік Кореяның үш компаниясы өкілдері қатысты.

Компания өкілдері 5G байланыс жүйесінің артықшылықтарына да тоқтала кетті. Әсіресе интернеттің жылдамдығы әлдеқайда жоғары әрі сапалы болады екен.

Samsung Galaxy S10 5G қашан нарыққа шығатыны әзірге белгісіз. Бағасы шамамен 1200 АҚШ доллары көлемінде болмақ.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.