Gallup Global Emotions Report зерттеу агенттігі әлем халықтарының күйзеліс жағдайын анықтау үшін 140 мемлекеттер 150 мыңнан астам адамнан сауалнама алған.
Зерттеудің нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысқан әр бесінші адамның ашулы екені анықталған. Жыл сайын дәстүрлі түрде жүргізілетін зерттеу адамдардың көңіл күйін сарапқа салады. Gallup баяндамасында әлем бойынша күйзеліс артып, халықтардың ашулы бола бастағаны жазылған.
Парагвай тұрғындары әлемдегі ең көңілді екені анықталса, америкалықтар, керісінше, әлемдегі ең ашулы халықтар қатарынан көрінді. Ең позитивті халықтар тізіміне Парагвайдан кейін Панама, Гватемала, Мексика, Эль Сальвадор тұр. Ең төменгі орында Чад, Нигер, Сьерра-Леоне, Ирак, Иран халықтары кірген.
Дереккөз: massaget.kz