Табиғат аясына демала барғанда…

0 17

Мамыр айы жақындаған сайын табиғат аясында демалуды жоспарлайтандардың саны арта түседі. Бірі тауға барса, енді бір жағажайда демалғанды жөн санайды. Дегенмен, барлығын бір ғана сұрақ мазалайды: бұндай демалыс орындарына өзіммен бірге не алсам болады?

1. Тамақ:

Тағамды талғамыңызға қарай таңдайтыныңыз анық. Дегенмен, тез бұзылатын тағам түрлерін пайдаланбағаныңыз абзал. Оның ішінде майонез қосылған салат, сүт өнімдері, паштет немесе бәліштер жатады.

• Су мен шырын түрлері: газды сусындар, шырын болуы мүмкін. Бір күн бұрын, тоңазытқышқа салып, қатырып алсаңыз тіпті жақсы. Өзінің балғын дәмін ұзақ сақтайды. Термосқа ыстық шай немесе кофе құйып алсаңыз артық етпейді.

• Көкөністер мен жемістер: бұлардың артық пайдалы әрі ұзаққа шыдамды тағам табылмасы анық.

• Шұжық, ірімшік: барған бойда нанға қосып жеп алмасаңыз, күн ыстықта бұзылып кетуі әбен мүмкін. Үйден бутербродтар дайындап шыққан әлдеқайда тиімді болмақ

. 2. Қосымша тұрмыстық заттар:

• Жәндіктерден және күн көзінен қорғайтын жақпаймайлар артық етпейді.

• Пышақ. Тамақтану кезінде артық қиындық тумауы үшін пышақ таптырмас көмекші екенін ұмытпаған жөн.

• Ыдыс, соның ішінде пластик ыдыстарды қолданғаныңыз абзал.

• Мангал. Егер кәуәп пісіру жоспарыңызда болса, мангалды ұмытпаңыз.

• Сіріңке, әжетхана қағазы мен сүлгілер (қағаз).

• Жеңіл төсек пен жамылғылар. Әрине, соңында қоқыс салатын арнайы қапты тексеріп қойыңыз.

Демалыстан соң, айналаны жинап кету ең алдымен өзіңізге деген құрмет екенінін естен шығамағайсыз.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.