Суық судың шипасы

0 4

Бастан күн өтіп, мұрыннан қан ақса, орамал немесе шүберекті суық суға шылап, маңдайға аз-кем басып тұрса, қан тоқтайды. Көз ыстыққа төзімсіз келеді, бірақ суыққа шыдай береді.

Таза суық сумен беті-қолды жуса, ми сергек, көз өткір болады. Ұзақ жыл осы әрекетті қайталаса, жұқпалы көз ауруын азайтуға, көру қуатын қорғауға, көздің ауруға қарсылық қуатын арттыруға болады.

Қол-аяқ сіңірі созылып, сіңір созылған жер қанталаса немесе іссе, оған дереу суық су өткізсе, жарылған ұсақ қантамырлар тез бітеледі. Ісіктің қайтуы тездейді, қан тоқтап, қақсам ауруы басылады. Жаз күндері үнемі суық суға түсіп, шомылып тұрса, дене қуат артып, суыққа төзімділік күшейіп, оңай тұмау тимейді. Тіс сыздап, қақсап ауырғанда, ауызға суық су толтырып, ауызды бірнеше қайтара шайса, тістің ауырғанын белгілі деңгейде басады.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.