Қазгидромет: 12-14 қыркүйекте Қазақстанда аяз болады

0 17

12-14 қыркүйек аралығында Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында аяз болады.

Алдағы күндері Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарынан ауысатын антициклон Қазақстанның көптеген аймақтарында қысқа мерзімді жауын-шашынның тоқтауына себеп болады. Ал Республиканың солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең күн суытып, аяз 1-3 градусқа дейін жетеді деп күтілуде.

12 қыркүйекте Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, облыстарда кей жерлерде тұман болады, кей жерлерде 1-3 градусқа дейін аяз болады.

Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында бұл күні желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Дәл осындай жел Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында күтіледі. Қызылорда облысында желмен бірге шаңды дауыл көтеріліп, Шығыс Қазақстанда бұршақ жауады.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.