Құрма жемісінде А, В, С секілді дәрумендер және өзге де пайдалы заттар көп. Ол әсіресе күз мезгілінде аса пайдалы, иммунитетті көтеріп, ағзаны зиянды инфекциядан қорғап, жүйке жүйесін ретке келтіреді. Дәрігерлер халықты аптасына екі-үш құрманы балғын күйде жеп тұруға шақырады.
Құрма йод пен темірге бай, сол себепті қаны аз және жүрек-қан тамырлары әлсіз адамдарға көп көмегі тиеді. Құрамында қышқылдығы да аз болғандықтан, ойық жара ауруына, асқазан-ішек жолдарына ешқандай зиян тигізбейді.
Ал ұйқы безінде кінәрат болса не бүйрекке тас жиналса, дәрігерлер құрманы жемеуге кеңес береді. Бұл жеміс жүзімге қарағанда жасұнықтан тұрады, бірақ калориясы жоғары. Сол себепті қант диабетімен ауыратын адамдар да күніне бір құрмадан артық жемегені абзал екен, құрамындағы көмірсулар инсулин мөлшерін көтеріп жібереді. Ал дені сау адам еш алаңдамай, күніне екі-үш құрма жеп отырса, аса пайдалы болмақ.
Дереккөз: massaget.kz