Тәжірибелі саяхатшылар ұшақпен жайлы ұшудың жолдарын біледі. Олар оны жолға дұрыс киім таңдаудан бастайды. Мысалы, ішіңізді қысып тұратын шалбар немесе металл аксессуарлар ұшақта ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Шама келгенше мынадай 10 киімді ұзақ жолға киіп шығудың қажеті жоқ.
1. Ішті қысатын шалбар Джинс шалбар күнделікті әрі ыңғайлы киім болып саналғанымен, оны ұзақ жолға, әсіресе, ұшаққа киюдің қажеті жоқ. Кез келген джинс шалбардың белі тығыз болып келеді: ол ішті қысады. Оған қоса қысым өзгеретіндіктен, сәл ісінуіңіз мүмкін. Сондықтан спортпен айналысқанда киетін трико кигеніңіз жөн.
2. Комбинезон Комбинезон ұшақпен ұшуға арналған ыңғайлы киім секілді көрінеді. Еш жеріңізді қыспайды және денеге жабысып тұрмайды. Бірақ оның бір үлкен кемшілігі – онымен дәретханаға бару қиын. Сол сияқты боди және ыңғайсыз ілгектері бар киімдерден бас тартқан жөн.
3. Ашық-шашық киім Ұшақпен ұшуға ашық-шашық киім таңдамаған жөн. Біріншіден, мұндай киім үлгісі авиакомпанияның ережелеріне қарсы келіп, сізді ұшаққа кіргізбеуі әбден мүмкін. Екіншіден, ұшақтың ішінде кондиционер қосулы тұрады: бір орында ұзақ отырғандықтан тонып қаласыз. Ұшақтағы қауіпсіздік белдігінің өзінде түрлі бактериялар болады. Олардың арасында тері ауруын қоздырғыштар да болуы мүмкін. Бұл мәселені де ескеріңіз.
4. Жаңа аяқ киім Ұшаққа жаңа аяқ киімді кию дұрыс шешім емес. Қысым өзгерісінен және бір орында ұзақ отырғаннан аяғыңыз ісіне бастайды. Созылып үлгермеген жаңа аяқ киім ісінген аяғыңызды қысады. Оның үстіне жаңа аяқ киім жалпы ыңғайсыз болып шығуы мүмкін. Оны киіп сынап көрмегендіктен, жаңа аяқ киіміңіздің қандай екенін әлі білмейсіз. Сондықтан бұрыннан киіп жүрген ең ыңғайлы аяқ киіміңізді киіп алыңыз.
5. Металл детальдар Әр әуежайда металл детекторлар түрліше орналастырылған. Ол қыстырғыштар, әшекейлер, белдіктер мен киімдегі металл бөлшектерге дабыл қағады. Егер тексерістен жылдам өткіңіз келсе, темір ілгектері (детальдары) бар киімдер кимеңіз және артық аксессуарлар тақпаңыз.
6. Дресс-код Жаңа авиакомпанияның қызметін пайдаланайын деп жатсаңыз, оның сайтына кіріп, шектеулер туралы оқып алыңыз. Мысалы, кей компаниялар қысқа шорты, леггинстер не өзге киім киген жолаушыларды ұшаққа кіргізбейді.
7. Биік өкшелі аяқ киім Биік өкшелі аяқ киімді күнде киіп жүрген болсаңыз да, ұшу кезінде оны өкшесі жоқ аяқ киіммен ауыстырған жөн. Бұл жерде мәселе ыңғайлылықта емес, қауіпсіздікте болып тұр. Ұшақпен ұшу кезінде қауіпті жағдайлар орын алуы әбден мүмкін. Эвакуация кезінде басқа жолаушылармен бірге жылдам қозғала алмайсыз және аяқ киіміңіздің өкшесі апаттық отырғызу кезінде қолданылатын үрмелі құтқарушы басқышты зақымдауы да мүмкін.
8. Лосиналар Леггинстер, лосиналар және аяққа қатты жабысып тұратын шалбар ұзақ жолға мүлдем келмейді. Биіктікте қысымның өзгеруінен тар киім қан тамырларын қысады.
9. Ашық сүйретпе аяқ киім Жолда келеңсіз оқиға орын алған жағдайда ашық сүйретпе аяқ киімдер (мысалы, вьетнамкалар) жыртылып қалуы мүмкін, қозғалысыңызды баяулатады және табаныңызды қорғамайды. Сондықтан ыңғайлы аяқ киіміңізді пакетке салып алып, аяғыңызға жабық аяқ киім киіңіз.
10. экспрессивті пікірлер жазылған киімдер Ұшаққа арандатушылық мәндегі немесе діни ұрандар мен адамға тіл тигізетін сөздер жазылған жейделер кимеңіз.
Дереккөз: Massaget.kz