Ет ағзаға зиян ба?

0 32

Соғым… Иа, қыс нағыз соғым маусымы ғой қазақ халқында. Жалпы, осы еттің ағзаға қандай пайдалы қасиеті бар екенін білеміз бе?

Бүгін соғым еттерінің тек пайдасы жөнінде айтайық.

Басқа төрт түлікке қарағанда қойдың етінде А1, В12, В1 дәрумендері мол.

Қой етінің құрамында кальций мен фосфор көп болғандықтан, жараның немесе ісіктің бетінің тез қайтуына көмектеседі.

Қойдың етіне қарағанда ешкінің еті ауыр болады екен. Ал қойдың еті денедегі жылу мен әл-ауқатты арттырады, сонымен қатар денедегі жел­­ді басып, тәбетіңізді де ашады.

Жылқы етін ұнатпайтын қазақ жоқ. Дәмі тіл үйіретін қазы-қарта қазақтың ұлттық тағамы. Оның денсаулыққа тигізер пайдасы да көп.

Мәселен, ол іріңді тоқтатып қана қоймай, бүйрек пен белді желден тазартады екен.

Сонымен қатар, жүрек-қан тамыр ауруларына, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері мол және ағза жасушаларын жаңартып отырады. Яғни ерте қартаюдың алдын алады.

Сиырдың еті тез қорытылмайды және майлы болып келеді. Алайда ол бүйрек, бел мен бастан ұстаған суықты шығаруға көмектеседі.

Жалпы мал атаулының бәрі жасына қарай семіреді. Сондықтан жасы үлкейген сайын етінің майлылығы да арта түседі.

Сиыр етінің майында қаныққан май қышқылдары басым. Майы тоңдап тұрады және ол ағзаға түскенде холестерин үлесінің артуына себеп болады. Сол себепті етінде гемоглобин, ақуыз, дәрумендер жылқы етіне қарағанда әлдеқайда аз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.