Коронавирус белгілері байқалса, ауруханаға баруға болмайды

0 3

Егер инфекция симптомдары пайда болса, үйге жедел жәрдем шақыру керек. 

Нұр-Сұлтан әкімдігіндегі пресс-конференцияда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус белгілері байқалса, ауруханаға бармауға шақырды.

«Егер коронавирус белгілері байқалса, үйде болып, жедел жәрдем шақырған жөн. Өздігіңізден дәрі-дәрмекпен емделу мүмкін емес. Кореяда осындай жағдай болып, пациент емханаға барған. Осыдан кейін бұл клиника дезинфекция мен карантинге байланысты жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болған», — деді Сәуле Қисықова.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми инфографикасында Covid-19 инфекциясының белгілері ретінде мыналар жазылған:

– жөтел;

– температураның көтерілуі;

– пневмония;

– ентігу;

– құсу;

– диарея;

Прогрессия жағдайында өкпе, бүйрек жеткіліксіздігінен науқас өліп кетуі мүмкін.

Коронавирус қалай жұғады?

– науқас адаммен тікелей байланыс арқылы;

– түшкіру және жөтел кезінде;

– науқас адамның жеке заттарымен байланысқанда.

Еске салайық, бүгін, 13 наурызда Германиядан 9 және 12 наурыз күндері келген екі Қазақстан азаматынан Covid-19 инфекциясы табылды.

 Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.