Кешке қарай үйдің жанында бір қария мен жігіт әңгімелесіп отыр еді.
Жігіт қолына шылым алып:
— Ата, мен темекі тартуды үйреніп жүрмін. Осының қандай қасиеті барын білмедім, бірақ қатарластарымның бәрі тартады.
Мен де қалмайын деп бастадым, — дейді.
— Темекі тартудың басты үш қасиеті бар, — деді қария ойланып.
— Қандай?
— Біріншіден, темекі тартқан адам қартаймайды.
— Шынымен бе? Сыры неде?
— Өйткені, темекі тартқан адам қартаю шағына жетпей көз жұмуы мүмкін.
Бұл – бір. Екіншіден, шылымқордың үйіне ұры түспейді.
— Себебі? — Темекі шегетін адам жарым өкпе болады, ылғи жөтеліп жатады.
Дыбыс шыққан жерге ұры жоламайды. Үшіншіден, шылымқорды ит қаппайды.
— Себебі? — Темекі шегетін адам жарымжан болған соң қолына таяқ алып жүреді. Таяғы бар кісіге құтырған ит болмаса, есі дұрыс ит жуымайды, — деді қария.
Жігіт ойланып қалды…