Мойынқұм ауданында індетке қарсы шаралар күнделікті жүргізілуде

0 6

Мойынқұм ауданында Төтенше жағдай кезеңіндегі ахуалды бақылау және инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мобильдік топ құрылған. Жұмыс барысында топ мүшелері 437 нысанды ауданда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Күнделікті сауда орталықтар мен дүкендердегі азық түлік бағаларының көтерілмеуіне мониторинг жүргізіліп отыр. Сондай — ақ тұрғындарға себепсіз жүрмей туралы ескерту мен хабарландырулар жасалды. Жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды. Аудан тұрғындарының себепсіз жүруін азайту мақсатында бекеттер қойылып, ауылға кіру мен шығуына тосқауыл қойылып, аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің бақылауында.
1. Жамбыл облысында ТЖ кезінде ашылған Мойынқұм ауданы Бірлік ауылындағы блокпостқа жауапты аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция бөлімінің басшысы Ү.Айнақұлов және ауыл әкімі Қ.Көпбаев бектілді. Блокпоста 1 шатыр, 1 тұрмыстық темір вагон және 3 бейнекамера орнатылды. Сондай-ақ, байланыс телефоны тартылып, интернет жүйесі WI-Fi қосылды.
2. Мойынқұм 1 және Мойынқұм 2 бекетке жауапты аудандық полиция бөлімінің орынбасары М.Кадыркулов, аталған 2 бекетте 2 тұрмыстық темір вагон, 5 арнайы көлік, 5 бейне жазба және радио байланыс бар.
3. Мыңарал 1 және Мыңарал 2 бекетке жауапты учаскелік инспектор А.Камиев, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Қ.Ембергенов. Мыңарал 1 бекетінде 1 тұрмыстық темір вагон, 1 арнайы көлік бар, ал Мыңарал 2 бекетте 1 көлік Зил-131 және арнайы 1 көлік бар.
4. Ұланбел ауылындағы бекетке жауапты учаскелік инспектор Ж.Маралбаев, ауыл әкімі Қ.Белгішев. Бектетте 1 тұрмыстық темір вагон және арнайы 1 көлік бар.
Аудан бойынша 16 округте жеке кәсіпкерлер қолайлы материалдармен маскалар жасап, күніне 1330 дана бетперде өткізуде. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылынын «Super Pharm» ЖШС-дан 10 мың дана медициналық бетперде әкелініп, ауылдық округтерге таратылды.
Ауданда ерікті жастарының саны — 70, жас белсенділер індет ауруының алдын алу және сақтану туралы 5000-нан аса парақшалар таратылды.
Жалпы аудан бойынша 16 ауылдық округте 24 елді мекен бар. Аудан бойынша 3 мекеме дезинфекция жұмыстарын күніне 2 рет жүргізеді. Бүгінгі күнге елді мекендердегі 110 көшеге, 370 аулаға дезинфекция шаралары жүргізілді. Бұл жұмыстарға есепте тұрған 223 жұмыссыз азамат тартылды.
Жалпы аудан бойынша дезинфекциялау жұмыстарға 22,0 млн теңге қаражат қарастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.