Шопинг кезінде ақша үнемдеудің 5 тәсілі

0 6

Табысы қанша жерден мол болса да, ақшаны ретімен жұмсай алмаған адамның  байып кетуі екіталай. Бәрінен бұрын ақша ұқыптылықты ұнатады. Бейберекет шашыла бергеннің берекесі болмайды. Осыған байланысты біз сіздерге бұл мақалада ақша үнемдеудің, азық-түлік сатып алған дүкенде бар жалақыңызды жаратып кетпеудің жолдарын айтамыз.

Дүкенге барсаң, тойып бар Қарны аш адамның, көзі тойымсыз болады екен. Сондықтан, ашқарынға сауда жасаған адам барлығын да сатып алғысы келіп, тым көп қаражат жұмсап қоятындығын ғалымдар бұрыннан-ақ дәлелдеп қойған.

Дүкенге жиналдыңыз ба, тамақтанып алыңыз. Есесіне, босқа шығынданбайсыз. Дүкенге тек көтеріңкі көңіл күйде барыңыз Шопинг көңіл-күйді көтереді, бұл белгілі ереже. Бірақ қалтаңызды қағады. Сол себепті көңіл күйіңіз болмай тұрса, сауда жасаудан бас тартыңыз. Кітап оқыңыз, саябақта серуендеңіз немесе сүйікті киноңызды қараңыз. Әйтеуір шығынға батырмайтын тәсілдермен өзіңізді жұбатыңыз. Ал шопинг, аса қажет болмаса,  кейінге қала тұрсын.

Тізім жасаңыз Керек заттардың тізімін үйден шықпай тұрып тізіп алыңыз. Өйткені, дүкендерде, әсіресе супер/гипермаркеттерде тауардың көптігі сондай, сіз өзіңізге ненің өте қажет, ал қандай затқа шығынданбай-ақ қоюға болатынын ұмытып қаласыз. Саудагердің айласы таусылмайтынын ескертіп қояйық. «Екеуін сатып ал, үшіншісі тегін» деген жарнамалық акцияларға алданып қалып, сіз осы ретте жоспарлаған сомадан біршама артық ақша жұмсап қоюыңыз да ықтимал. Ал егер өзіңізге нақты керек затты жазып алсаңыз, бір жағынан ақшаға үнем болса, екінші жағынан дүкенде не алу керек еді деп ойланып, толғанып, өз уақытыңызды босқа жоғалтпайсыз.

Төменгі сөреде тұрған заттарға назар салыңыз Бұл ереже мерчейдайзерлердің қулығына алданып қалмас үшін қажетті-ақ. Адамдар көбінесе өзінің көзінің деңгейіндегі тауарларды сатып алады. Ал одан төмен сөреде тұрған заттар назардан тыс қалып жатады. Бірақ осы орайда сіз білмеген бір айла бар. Сіздің көзіңіздің деңгейінде орналасқан тауардың бағасы әдетте жоғары, ал төменгі сөреде орналасқандар сапасы жағынан осал болмаса да, бағасы жағынан әлдеқайда төмен болатыны ескеріңіз! Арба емес, қолыңызға себет алыңыз Сіз неғұрлым көп зат сатып алсаңыз,соғұрлым дүкенге пайдалы болмақ.

Арба, сөзсіз, сүйреткенге қолайлы, бірақ оның сыйымдылығы мен ыңғайлығы қалтаңызға қауіпті. Себет ауырлай бастағанда, адамдар еріксіз кассаға қарай жақындай бастайды екен. Осы ережені ұстансаңыз, бұл сізді аса қажет емес қатарларды аралап, көзге түскеннің бәрін сатып алудан алшақтатады.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.