Жеміс жеп арықтаңыз

0 5

Дене сымбаты — қыз-келіншектердің өзекті мәселелерінің бірі. Арықтаудың түрлі әдіс-тәсілдері болғанымен, тиімді әрі оңай түрін таппай жатамыз. Сол себепті бұл мәселе киінге шегеріле береді. Ендеше дене сымбатын бірқалыпта ұстап, әдемі көріну үшін жеміс-жидек жеп жөнге келуге кеңес береміз. Себебі жемісті жеу арқылы ағзаңыз қажет еткен дәрумендерді толықтай қабылдап, сымбатыңызды сақтай аласыз.

Алма

Ағылшындарда күніне бір рет жеген алма біраз жылға дәрігерден алыстатады деген сенім бар. Алманың құрамынбағы дәрумендер мен микроэлементтер адам ағзасына өте қажет. Сонымен қатар ол темір мен калийге өте бай. Сондықтан алма жүрек қан-тамыр ауруларына шалдыққандарға өте пайдалы. Бір күнде 1,5 келі алманы тауысатындар бір салмақты үнемі ұстап отыратындардың қатарынан табылады.

Алмұрт

Алмұрт — калориясы өте төмен жемістердің бірі. Оның құрамындағы эфир майы күйзелістен арылтып, көңіл-күйді көтереді. Бұл жемісті шикі күйінде де, пісіріп те жесеңіз болады. Ағзаға қажетті қышқылдарға бай бұл жеміс зат алмасу жұмысын жақсартады. Бұл 3-4 айда оң нәтижесін береді және қайта толысуға жол бермейді. Алмұрт ағзадағы артық шлактарды кетіріп, қанды тазалайды. Сонымен қатар арықтатып қана қоймай, ағзаны артық заттардан тазалайды және ішектерді де тазалайды.

Грейпфрут Бұл жеміс зат алмасу жұмысын жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге артық майларды ерітіп, бөліп шығарады. Грейпфрут бауыр мен асқазанға да өте пайдалы.

Бұл жемісті тамақтан соң жесеңіз, асыңызды жақсы қорытып, артық салмақ жинамауға септігін тигізеді.

Киви

С дәрумені мен калий, магнийге бай бұл жеміс иммундық жүйені көтереді. Оның ең бірінші атқаратын қызметі зат алмасу жұмысын жақсартады. Сондықтан да кивиді сұлулық құралы деп атаған.

Ананас

Бұл жеміс те артық майлардан арылтуға көмектеседі. Сондықтан да диетологтар тамақтан соң 1-2 тілік ананас жеңіз немесе 1 стақан ананас шырынын ішіңіз деп кеңес береді. Бұл тамақты тез сіңіріп, асқазанды артық заттардан тазалайды.

Апельсин

Апельсин С дәруменімен қапталған. Бұл жеміс арықтауға көмектеседі. Сол себепті апельсинді мүмкіндігінше тамақтан соң жеуді әдетке айналдырыңыз. Күніне 5 дана апельсинді қорек етсеңіз, 1 айда жіптіктей болып шыға келесіз.

Қарбыз

Қарбыздың құрамында жарты бананға немесе орташа алмаға тең келетін элементтер бар. Яғни 45 ккал, 1 гр ақуыз, 0,5 гр талшық, 11,5 гр көмірқышқылы және 9,5 гр қант бар. Бұл жеміс тамақтың да, сусынның да орнын басады.

Сымбатты сақтайтын салат

Ол үшін 1 дана банан, 1 дана киви, 1 дана апельсин қажет. Жемістерді жақсылап жуып, қабығынан аршып, текше етіп турайсыз. Оған майсыз йогуртты қосып, жақсылап араластырасыз. Осы салатты күніне 4 мезгіл қорек етсеңіз, 1 айдан соң өзіңіз қалаған сымбатты мүсінге қол жеткізесіз.

 Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.