Моншаға түсу – тазалықтың ғана емес, саулықтың да кепілі. Бала кезімізде мектепке деген дайындық мектеп формасынан басталып, аяғы моншаға түсумен аяқталатын. Дегенмен, қазір монша түрлері көп және оларға түсудің өз ержесі мен тәсілдері болады.
Моншаны жақсы көретіндер мұндай ереже мен тәсілден xабары да бар шығар. Ендеше моншаның пайдасы мен дәрілік шөптердің емі жайында кеңінен тоқтала кетпекпіз. Моншаға түскенде түрлі эфир майлары, гүлдер мен дәрілік шөптер тұнбасынан ыстық буда (парда) емдік шараларды өткізуге болады. Себебі эфир майы көңіл-күйді көтеріп, теріні сергітіп, жасартады. Сонымен қатар дәрілік шөптердің сіңімділігі мен емдік нәтижесі кейбір дәрілік препараттардан кем болмайды.
Ол үшін арнайы май, емдік шөптер және олардан дайындалған араласпа қоспаны пайдалануға болады. Ол үшін балғын, кептірілген шөптер мен жапырақтарды жарты сағат ыстық суда ұстайды да сүзгіден өткізеді. Не болмаса шөптерді сығып алып тастайды. Екінші тәсілі – емдік өсімдіктерді құрғақтай қояды. Біршама уақыт өткен соң шөптер жұмсарып, керемет иіс шығады. Ол үшін қарақат жапырағы мен жалбызды пайдалана аласыз. Дәрілік шөптердің түрлері мен пайдасы:
* Жалбыз иісі көңілді көтеріп, жүрекке пайдасын тигізеді;
* Киікотының (душица) иісі тыныс алу жолдары мен жүйке жүйесін емдейді;
* Қара қарақаттың тұнбасынан шығатын xош иіс суықтағанда көмектеседі әрі тұмаудан кейін ағзаның қайта қалпына келуіне шипасы тиеді.
* Суықтаудың белгісі енді басталғанда қышаны (горчица) пайдаланса, дерттің өршуіне жол бермейді.
Қайнаған суға 1 шай қасық құрғақ қышаны араластырады. Есіңізде болсын, одан ащы, қышқылтым иіс шығады.
* Жөке (липа) тер шығару қызметін жеделдетеді.
* Квас пен сырадан шығатын иістің пайдасы зор. Ол үшін 3 литр қайнаған суға 50 грамм наннан жасалған квас пен сыра қосады да қызып тұрған (пар) тасқа шашады.
* Ыдыстағы ыстық суға жарты шай қасық бал, 5 тамшы эвкалипт майын, 7-10 тамшы ментол майын тамызады.
Бұдан шыққан керемет иіс көңілді жайландырады, жүйке жүйесіне, жүрек пен қантамыр жүйелеріне жақсы әсер етеді.
* Ақжелкен (xрен) кез келген суықтау мен тұмаудан емдейді. Балғын немесе кептірілген ақжелкен жапырағы ыстық суда жарты сағат тұрған соң тасқа тұнбаны шашады.
* Апельсин майы ұйқысыздықпен күресте шипалы
* Ыстық буда кейбір адамдар әлсізденеді, тынысы тарылып, басы ауырады. Бұл қан қысымының төмендігінен орын алады. Ол үшін мынадай қоспа дайындауға болады. Терек бүршігінен 1 бөлік, түймешетеннен (пижма) 2 бөлік, зубровка жапырағынан 1 бөлік қосып тұнба жасайды да тасқа шашады;
* Зат алмасуды жақсарту үшін 100 гр балға 100 гр тұз, 1 ас қасық сода және спиртті араластырып теріге жағады. 10-15 минуттан соң сыртын полиэтилен пакетпен орайды. Есіңізде болсын!
1. Монша буына суға жуынып, кірудің қажеті жоқ. Бірінші кіргенде 5-7 минуттан артық отырмаңыз.Төменде 1-2 минут тұрған соң барып жоғарыға отырыңыз. Дене қызып, тер шыққан соң ғана пардан шығады. Сонымен қатар парда отырғаннан гөрі жатқан ыңғайлы. Бұл кезде дене бірдей қызады да бұлшықеттер босаңсиды.
2. Арасында 15-20 минут үзіліс жасаңыз. Бассейнге түсіңіз немесе салқын душ қабылдаңыз. Шай немесе шырындар ішіңіз. Сонымен қатар моншада сыра ішпеген абзал. Парға үшінші рет кіргеннен кейін ғана сабынды пайдаланыңыз.
3. Саунада керісінше парға кірмес бұрын денені сабындайды. Тері саңылаулары кір мен майдан тазарғанда емдік шаралар тез нәтиже береді.
4. Моншаға 1,5-2 сағат аптасына 2 реттен артық түсуге болмайды.