Таңертеңгі жиналуды жеңілдететін 6 лайфхак

0 4

Таңертеңгі жиналу сіздің мұқияттылығыңызды көрсетумен қатар бүкіл күніңізге өз әсерін береді. Егер таң күйзеліспен немесе ретсіздікпен басталса, күні бойы қажет болатын жұмысқа қабілеттігіңізді немесе көңіл күйіңізді төмендетуі мүмкін. Сондықтан таңғы жиналуды жеңілдететін бірнеше кеңес ұсынамыз. 

1. Киімді кешке дайындап қойыңыз

  Бұл жаңалық емес, бірақ адамдардың көпшілігі кешке киім дайындап қоймайды. Негізгі таңертең не киетініңізді таңдау, аяқ киім тазалау және киім үтіктеу көп уақыт алады. Ертеңгі ауа райының қандай болатынын интернеттен қарауға болады.

  2. Шын оятқыш

Ұялы телефондағы оятқыш ыңғайлы болғанымен, оның пайдасынан гөрі зияны көбірек. Ұйықтар алдында экранға қарау дұрыс демалуға кедергі келтіреді және ұйқыдан тұра сала смартфон ұстаған кезде әлеуметтік желіге кіріп кетуіңіз мүмкін. Ол өз кезегінде тағы да уақытыңызды алады. Сондықтан шын оятқыш сатып алып, ал смартфонды өзіңізден алыстау жерге қою керек.

  3. Дәрі мен су

Егер таңертең дәрі ішіп жүрсеңіз, ұйықтар алдында дәрі мен суды дайындап қою керек.

  4. Линза

Линза тағатын болсаңыз, оны жатын бөлмеде немесе ас үйде емес, жуынатын бөлмеде таққан жөн. Линзаға қажетті заттарды жуынатын бөлмеде сақтаңыз. Сол кезде айна немесе тағы бір заттарды іздеп жүгірудің қажеті болмайды.

5. Косметика

Үлкен косметика салатын сөмке – сыйымды болғанымен, ыңғайсыз. Сондықтан ең жиі қолданатын бояуыңызды салатын ыдыс алған жөн.

6. Кілттер

Адамдардың көпшілігі таңертең кілт іздеуге біраз уақытын жұмсайды. Кілттерді кіре берістегі шкафқа қойған дұрыс. Алайда, ең жақсысы, қабырғаға кілт ілетін ілгіш алу.

Massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.