Шолақайдағы 15 жастағы қызды зорлау ісі: қылмыскер өмір бойына сотталды

0 14

Жетісу облысының Шолақай ауылында 15 жастағы Құралайды зорлап, өлтіріп, артынан өртеп жіберген қылмыскер өмір бойына сотталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews «АА Іnform.kz-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік қылмыс жасаған 39 жастағы Рустам Ахметовке Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов осындай жаза кесті.

Үкім кезінде судья жаға ұстатар қылмыстың жай-жапсарын баяндады. Тергеу дерегінше, сотталушы алдымен 15 жастағы Құралайды зорлап, айуандықпен өлтірген. Содан соң қыздың жүрек тұсынан үш рет пышақ салғаны анықталған. Кейін бір метр тереңдікте жер қазып, қыз баланың ұялы телефонын сындырып, мәйітті өртеп, көміп тастаған екен.

Еске салайық, адамшошырлық қылмыс былтыр тамызда болған еді. Із-түзсіз жоғалып кеткен Құралай Қисабекті бүкіл Шолақай ауылының тұрғындары іздеген. Алайда тек 8 күннен кейін қыздың мәйіті табылған.

Еске салайық, Жетісу облысы Шолақай ауылында оқушы қызды зорлап, өлтірді деген күдікпен ұсталған ер адам осындай қылмысы үшін бұрын да жазасын өтеген, бірақ химиялық кастрациядан өтпеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.