ҚР ІІМ ҚАЖК «№58 мекеме» республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағынан жұмыс орындарын ашып, сотталғандарды ақылы жұмыстармен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкерлердің жұмысы кезінде туындайтын мәселелерін шешу мақсатында, мекеме бастығының орынбасарлары мен 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, жұмыстық кеңес өтті.
Жұмыстық кеңесте мекеме аумағына заттарды кіргізіп-шығару кезінде туындайтын мәселелер, оның ішінде тыйым салынған заттарды кіргізу бойынша сұрақтар, ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшыларға еңбекақыны төлеу, тұтынылған жарық жүйесіне ақы төлеу және жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау сұрақтары қарастырылды.