Геннадий Головкин сотқа жүгінуге мәжбүр болды

0 18
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясын сотқа берді. 2018 жылдың қыркүйегінде сол кезде компания атынан шыққан Сауль «Канело» Альвареске қарсы екінші жекпе-жегіне байланысты қарыз себеп болды.

Сол жылы Golden Boy мен Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясы бокс кешін бірігіп өткізген еді, деп жазды allboxing.ru.

Головкин Golden Boy Promotions компаниясы келісімшартты бұзды деп айыптап, кем дегенде 3 миллион доллар қарыз талап етіп отыр.

Шағым Лос-Анджелес округінің орталық бөлігі бойынша Калифорнияның жоғарғы сотына жолданғаны белгілі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.