Президент Г.Головкинді туған күнімен құттықтады

0 13

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, телеграмма жолдады. Бүгін бокс шебері 40 жасқа толды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз. Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін», – деп жазылған Президенттің құттықтауында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.