Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті жеңісімен құттықтады

0 10

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта үстел теннисінен әлем чемпионы атанған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алан Құрманғалиевті құттықтады.

Бұл туралы «ZhambylNews»  АА БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

– Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Осыған дейін Тунисте жасөспірімдер арасында үстел теннисінен өткен әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев аралас сында мысырлық Хана Годамен бірге жеңімпаз атанғанын хабарладық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.