Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 9 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан тоғыз боксшы шаршы алаңға шығады.
ҚР Бокс федерациясы жекпе-жек тізімін жариялады.
16:00
51 келі. Алуа Балқыбекова vs Гаюн Мун
60 келі. Виктория Графеева vs Люси Кингс-Уитли
55 келі. Махмұд Сабырхан vs Башким Бажоку
80 келі. Нұрбек Оралбай vs Тоқтарбек Таңатхан
22:00
48 келі. Назым Қызайбай vs Лила Зелецкий
50 келі. Санжар Тәшкенбай vs Хутхайха Эшиш
85 келі. Бекзат Нұрдәулетов vs Георгий Кушиташвили
70 келі. Наталья Богданова vs Сема Чалышкан
65 келі. Ертуған Зейнулинов vs Патрис Мугалзай
Айта кетейік, 8 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан жеті боксшы сынға түсті.
Аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай әлем чемпионатын сәтті бастады.
Бейбарыс Жексен бокстан әлем чемпионатында үндістандық қарсыласын жеңді.
Аида Әбікеева 1/4 финалға өтті.
Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатында ширек финалға шықты.
Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті.
Гүлсая Ержан бокстан әлем чемпионатында ¼ финалға өтті.
Сабыржан Аққалықов жарыстан шығып қалды.