Жамбыл облысының полиция аға лейтенанты әлем чемпионатынан жүлделі оралды

0 2

Корея Республикасы Инчхон қаласында өткен Әлем чемпионатында  Жамбыл облысы Полиция Департаменті Оқу-жаттығу взводының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ерлан Махмудов жауынгерлік самбодан 68 келі салмақ дәрежесінде 3 орын тұғырынан көрінді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Чемпионатқа жалпы 80 мемлекеттің балуандары қатысқан. Аталған сайыста Қазақстан құрама командасының қоржынына 4 күміс, 5 қола медаль түсті.

Ал, жалпыкомандалық есепте 80 мемлекеттің арасында ерлер құрама командасы 6-орын, қыздар құрама командасы 3-орынды иеленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.