Бала тілінің кеш шығуы оның психикасының қалыптасуына әсер етеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде педагог-психолог, дефектолог Әсел Сағадатова айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Дефектологтың сөзінше,«кеш сөйлеу»диагнозы үш жасқа дейінгі балаларға қойылады, яғни бұл оларда осы жасқа дейін сөздердің минималды сөздік қорын қалыптаспағанын көрсетеді. Психикалық-сөйлеу дамуында кешігуі бар балалар қысқа сөйлемдермен сөйлейді, сұрақтарды аз қояды.
«Бір жарым, екі жасқа дейінгі бала қалыпты жағдайда елуге жуық сөзді білуі керек. Біз осыны байқамаған соң, біз түзету сабақтарына барамыз, неғұрлым ертерек барса, соғұрлым жақсы», — деді ол.
Айтуынша,бала тілінің кеш шығуы оның психикасының қалыптасуына әсер етеді.
«Бұл баланың айналасындағы адамдармен қарым — қатынасын қиындатады, танымдық процестердің дұрыс қалыптасуына кедергі келтіреді, эмоциялардың қалыптасуы мен бәрілуіне әсер етеді», — деп түсіндірді Әсел Сағадатова.
Дефектолог тілдің кеш шығуының бірнеше себебін атады.
«Егер баламен сөйлеспесе, яғни баланың сөйлеуге құлқы болмаса, оның тілінің шығуы да кешеуілдейді. Яғни, баланың сөйлемеуіне ата-аналардың өздері әсер етеді. Тағы бір себеп-жарақаттар, аурулар және мидың зақымдануы немесе баланың анасының құрсағында, болмаса өмірінің бірінші жылында болған жұқпалы аурулар. Есту қабілеті нашар балалардың да тілдері кеш шығады, өйткені ол басқалардан естігенін нақты қайталай алмайды», — деп түсіндіреді маман.
Мұндай жағдайларда сөйлеудің кешігу себептерін анықтау үшін невропатологқа, логопедке, ал кейбір жағдайларда психиатр мен балалар психологына бару керектігін атап өтті.
«Біздің байқауымызша, қазір бізге ковидтан кейін дүниеге келген балаларды жиі әкеледі. 2020-2021 жылы туған балалар сөйлеу және психикалық-сөйлеу дамуының кешігуі туралы белгілі бір қорытындылармен келеді. Бұл да себептердің бірі», — деп толықтырды ол.