Аймақ басшысы тұрғындар өтінішімен салынып жатқан емдеу пунктінде болды

0 1

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, бірқатар құрылыс жұмыстарды аралап, тұрғындармен жүздесті.
Алдымен аймақ басшысы ауыл тұрғындарының өтініші бойынша салынып жатқан Қаракемер ауылындағы амбулаториялық пунктінің құрылыс жұмыстарын көрді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың есептік кездесуінде қаракемерліктер ауылда емдеу пунктінің жоқтығынан, көп жылдан бері аудан орталығына барып, ем-дом қабылдап жүргендерін жеткізген. Бүгінде ауыл азаматтарының бұл өтініші аймақ басшысының назарына жетіп, тиісті жұмыстар қолға алынды.

Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, 25 соттық аумаққа 25 келушіге арналған аммбулаториялық пунктінің құрылысы өткен жылдың қазан айында басталған. Ағымдағы жылға өтпелі нысанның құрылысын «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінде іргетасы қаланып, шатырын жабу жұмыстары қолға алынуда. Жалпы сметалық құны 198 млн теңгені құрайды. Жазға дейін нысан ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Құрылыс жұмыстарын аралаған облыс әкімі Б.Сапарбаев нысан мерзімінен кешіктірілмей, сапалы жасалуын назарға алу керектігін тапсырды.

Жалпы 85 мыңнан аса тұрғыны бар Жамбыл ауданында 35 медициналық орталық бар. Жамбылдықтарға 1 аудандық, 1 ауылдық емхана, 1 орталық аурухана, 3 фелдьшерлік-акушерлік, 15 медициналық пункт, 14 дәрігерлік аммбулатория үздіксіз қызметсе етсе, 16-шы пункт көп ұзамай қатарға қосылмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.