Енді «Эйр Астана» әуе кемесі Лондонға күнде ұшады

0 0

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Астана-Лондон бағыты бойынша байланыс жиілігін арттырады. Компания басшылығы IPO-ға кіру алдында рейстердің көбеюі қолайлы болады деген үмітте, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан үшін Ұлыбритания астанасының маңызы күннен күнге артып келеді және іскер адамдармен қатар туристердің де көп баратын бағытына айналды.

Лондоннан «Эйр Астанамен» ұшатын жолаушылар Алматы, Үрімші, Дели, Новосібір, Омбы, Түмен және Екатеринбург қалаларымен тоғысады.

Лонданға ұшатын рейстер 16 орындық бизнес-класс, 108 орындық эконом-класс, 12 орындық ұйықтайтын эконом-класс сияқты 3 класты қызмет көрсетілетін Boeing 757 ұшағымен ұшады.

Билет құны 211,7 мың теңгеден басталады.

Дереккөз: Baq.kz 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.