Қанат Исламның інісі кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

0 0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат «QAZAQ» Исламның інісі кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Отандасымыз Қанат Исламның інісі Ерлан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады. Бұл туралы боксшының бапкері Сағатбек Мұсаханов өзінің инстаграммдағы парақшасында жазды. Ол өз сөзінде: «Қанат Исламның інісі, менің шәкіртім кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ерлан Пекинде өткен бокс кешінде қарсыласын 2 раундта нокаутпен ұтты», – деді Сағатбек Мұсаханов.

Айта кетейік, Сағатбек Мұсаханов кәсіпқой бокстағы болашағынан үлкен үміт күттіретін Али Ахмедов, Еділ Қожамбердиев сынды боксшылардың бапкері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.