«ЗНАМЯ ТРУДА» қазақша шығатын болды

0 37

Облыстық «Знамя труда» газеті көктем маусымын ерекше жаңалықпен бастады. Он мыңға тарта орыс тілді оқырманның жаршысына айналған басылым алдағы уақытта өзінің бір бетін мемлекеттік тілде де жарыққа шығарып тұрмақ. Бұл оқырман қауымның тілегі екен. Әсіресе, облыс орталығынан алыс аудан, ауыл тұрғындары аталмыш газет басшылығымен кездескенде осындай өтініш, пікірлерін жеткізген-ді. Міне, ауылдықтардың бұйымтайы орындалды деуге де болады.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында жарық көрген №28 газеттің төртінші бетін түгел қазақ тіліндегі мақалаларға арнаған. Тілші Нұрсұлтан Рахымбай дайындаған арнайы беттің алғашқы жарияланымында арулар мерекесінің лебі есіп тұр. Айталық, «Жүз сегізінші көктем», «Таксиден тапқан табысын…», «Бала сүю бақытын сыйлаған», «Пошташы апа», «Білектей арқасында өрген бұрым…» секілді тартымды дүниелер газет оқырмандарына жақсы көңіл-күй сый­лайтыны сөзсіз.
Арнайы беттің алғысөзінде жазылғандай, әзірге бір айда екі бет жасау жоспарланып отыр екен. Демек, «Знамя труданың» әр айдағы екі нөмірінен қазақтілді мақалалар топтастырылған арнайы бетті оқып, таныса аласыздар. Оқырмандардың ұсынысын қабыл көріп, тың бастаманы қолға алған әріптес ұжымға сәттілік тілеп, жазар көп болсын дегіміз келеді.

Дереккөз: Aq jol-Ақпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.