Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Қырғызстан Республикасы Талас облысына жұмыс сапарымен барды

0 0

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Қырғызстан Республикасы Талас облысында жұмыс сапарымен болып, Қырғызстан Үкіметінің Талас облысы бойынша өкілетті уәкілі Марат Мұраталиевпен кездесті. Кездесу барысында тараптар «Киров» су қоймасының жағдайы мен гидроқұрлымнан жамбылдық шаруаларға қажетті мөлшерде су жіберу мәселелерін талқылады.

Іргетасы 1973 жылы қаланған су қоймасының қазіргі сыйымдылығы 530 миллион текше метрді құрайды. Қазір мұнда 315,5 миллион текше метр су бар. Айта кету керек гидроқұрлымдағы су қоры ауыл шаруашылығы саласын ағын сумен қамтамасыз ету және электр энергиясын алуда кәдеге жарайды.Өткен жылы су қоймасынан Қазақстан 560 миллион текше метр су жіберіліп, өңірдегі 4 ауданның 32,8 мың гектер егістік алқабын суландырылуға пайдаланылған. Биылғы жылы облыстағы «Киров» су қоймасы арқылы суғарылатын егіс алқаптарының қажеттілігі 560 миллион текше метр көлемінде болып отыр. Негізінен су екі ел арасындағы арнайы комиссия бекіткен лимитке сай жіберіледі.

Талас облысының губернаторымен кездесу кезінде өңіраралық су шаруашылығындағы бірқатар мәселелер де көтеріліп, оларды бірлесіп шешудің барысы да әңгіме өзегіне айналды. Нәтижесінде тараптар ішкі шаруашылық каналдарды тазалау жұмыстарын жүргізуге келісті. Сол арқылы көп жылдан бері егістік алқаптарына жіберілетін су көлемінің артуынан Талас облысының Манас ауданының кей ауылдарына төнген тасқын қаупі сейіле түспек.

Жалпы, 2000 жылдан бастап Қазақстан және Қырғыз Республикалары арасында қабылданған келісімге сай нысанға жөндеу жұмыстары бірлесіп қаржыландырылады. Былтырғы жылы гидроқұрылымға жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысанның су сақтаудағы мүмкіндіктерін арттыруға айрықша мән берілді.

Кездесу соңында Жамбыл облысы мен Қырғызстан Республикасының Талас облысы арасында сауда, экономикалық байланыс орнату жайы да сөз болды. Сондай-ақ, Талас облысының губернаторы бастаған топ алдағы айларда соңында Жамбыл облысында ресми жұмыс сапарымен болып, көршілес елдердің екі облысы арасындағы әлеуметтік-экономикалық әріптестікті нығайту, инвестиция салу, көші-қон сынды мәселелердің шешімін бірлесіп талқыламақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.