Жамбыл облысында су тасқынының алдын алу бойынша ауқымды оқу-жаттығу өтті

0 9

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің шұғыл тапсырмасы бойынша кеше Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов және Қордай аудандарында су тасқынының, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ауқымды оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Шара барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштерінің, жеке құрамнан құрылған шұғыл әрекет ету жасағының, техникалар мен су сору құрылғылардың дайындығы іс жүзінде тексерілді.

Сондай-ақ, су қоймалары мен каналдардың ахуалы, арықтардың тазалығы зерделенді.

Шара барысында анықталған бірқатар кемшіліктерді жою, жұмыстарды күшейту бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктелді.

Жалпы, облыс бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына 618 адам, 192 техника тартылды.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 2024 жылдың 23 мен 26 сәуір аралығында өңірде қатты жауын-шашын күтілуде.

Осыған байланысты облыс әкімі жауаптыларға су басу қаупі жоғары аймақтарды жіті зерделеп, шұғыл әрекет ету жасағының дайындығын пысықтауды тапсырған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.