Қазақстан әскери күштер рейтингінде 55-орынға ие болды

0 0

Global Fire Power рейтингі бойынша Қазақстандағы әскери қуат көрсеткіші 0,88 балмен бағаланып, 133 елдің ішінен 55-орынға шықты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Портал мәліметтері бойынша, 18 миллион тұрғынның 106,5 мыңнан астамы әскери қызметкер. Оның 74,5 мыңнан астамы белсенді әскери қызметкер болса, 32 мыңы запастағы әскерилер.

Әуе күштерінде 239 әуе кемесі бар, оның 91-і жауынгер ұшағы болса, 142-і шабуылдаушы ұшақ.

Сонымен қатар, қазақстандық әскер 300 жауынгерлік танк, 1600 брондалған автокөлік, 285 өздігінен жүретін артиллерия және 393 зымыран проектормен жабдықталған.

Сондай-ақ, рейтингте Қазақстанның мұнай қорлары жоғары бағаланды, себебі олар әскери әрекеттерді жүргізуде маңызды рөл атқарады.

Рейтинг бойынша Марокко мен Финляндия Қазақстанның көршісі болып тұр. Ал бірінші орында АҚШ, екінші орында Ресей, үшінші орында Қытай тұр. Жалпы үздік ондыққа Мысыр, Германия, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Франция мен Үндістан кірген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.