Шымкентте белгісіз біреулер бизнесмен мен оның қызын жауыздықпен өлтіріп кеткен

0 14

Шымкентте 3 сәуірде Жұманов көшесінде өз үйінде 70 жастағы ер адам мен 1973 жылғы қызының мәйіті табылды, — деп хабарлайды TVK.

Олар пышақталған. Олардың өлі жатқанын үйіне келген кенже қызы анықтаған. Қазіргі уақытта кісі өлтіруге ненің себеп болғаны белгісіз. Марқұмдардың бизнеспен айналысқаны белгілі. Олардың Момышұлы көшесінде табак пен темекі өнімдерін сататын дүкені болған.

Сол күні телеарна дереккөздері күдіктінің ұсталғанын хабарлапты. Ол қылмысын мойындап отыр екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.