Қазақстанда 6 мыңға жуық сарбаз әскерден үйіне қайтады

0 0

Қарулы Күштерде «Көктем-2017» әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты түрде запасқа жіберу басталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2018 жылдың көктемінде Қарулы Күштерде 2017 жылы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылып, Отан алдындағы әскери борышын өтеген 6 мыңға жуық әскери қызметші запасқа жіберіледі. Осыған байланысты Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдерінде салтанатты іс-шаралар өтіп жатыр.

«Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылығында мерзімді әскери қызметшілер бірінші болып салатанатты түрде үйлеріне жіберілді. Осы күндері мыңнан астам мерзімді қызметін атқарған әскери қызметшілер әскери формаларын азаматтық киімге ауыстырып жатыр. Сонымен қатар, запасқа жіберілгендер арасында әскери қызметті келісімшартпен жалғастыру туралы шешім қабылдағандар да бар.

«Маған әскерде барлығы ұнады. Біз ебедейсіз баладан есейген ер жігітке айналдық. Біз үшін осы жыл өміріміздегі оқиғаға толы жыл болды. Борышымызды өтеп, үйімізге қайтуға дайындалып жатырмыз», — деп атап өтті 85395 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Ербол Керімханов.

Сарбаздар қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, әскери және дене даярлығында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін грамоталармен марапатталды. Сондай-ақ ата-аналарына алғыс хаттар берілді. Бірқатар әскери қызметшіге кезекті әскери атақтар берілді.

Салтанатты запасқа жіберу мамыр айының соңында аяқталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.