Жамбыл облысында 285 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы анықталды

0 4

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Сабиров Талғат Нұрғалиұлы баяндады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.  

Бас прокуратураның тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылдың 2 сәуірінен бастап, тексеруге жататын жоғары қатер тобындағы сауда объектілердің өртке қарсы жағдайына тексеру басталған болатын.

Облыс аумағында тиісті жұмыстар атқарылып, қазіргі таңда 22 сауда объектілеріне, 4 жеке кәсіпкерлік және  4 білім беру объектілеріне тексеру жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде 285 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы мен білім беру объектілерінде 53 бұзушылық анықталды.

Осыған сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке жалпы соммасы 436 675 теңге құрайтын 19 сауда объектілерінің заңды тұлғаларына  және жалпы соммасы 192 400 теңге айыппұл 4 білім беру ұйымдарының заңды тұлғаларына салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.