Елімізде өндірісте жарақат алу азаймай тұр

0 4

Елімізде өндірісте жарақат алғандар қатары азаймай тұр. Былтырғы статистика бойынша бас шаһарымыздың өзінде құрылыс нысандарында 61 адам жарақаттанған., — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке орай, олардың 23-і қаза тапты. Өзекті мәселені шешу мақсатында сала өкілдері Астанада «Еңбек қауіпсіздігі — адам капиталы дамуының драйвері» екінші конгресінде бас қосты.

Мамандардың пікірінше,  құрылыс ошақтарының басым бөлігінде қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілмеген. Сондай-ақ, қызметкерлердің де селқостығы бар дейді. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастардың көпшілігі құрылыста еңбек етеді. Олар  қауіпсіздік техникасы мен негізгі ержелерді де меңгермей жатады. Ал енді қара жұмыста жүрген азаматтарды оқыту жайы басты міндетке айналмақ.

Құсейін Есенғазин, ҚР салалық кәсіподақ төрағасы:

— Еңбек қорғау мәселесі біздің салада өте күрделі жағдай. Көңіл бөлуді талап етеді. Оған себеп салада өкінішке орай, жұмыста жүріп жарақаттану жоғары деңгейде. Әлеуметтік серіктестермен бірігіп, салалық келісімге қол қойдық. 2018-2020 жылдар арасындағы. Сол келісімде осы мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.