2018 жылғы 25 сәуірде Жамбыл ауданының ТЖБ және №6 өрт сөндіру бөліміне жас құтқарушылар келді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Өткізілген іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында отпен байланысты қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу, өртке қарсы қызметтің тарихымен таныстыру, дейді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ, №6 ӨСБ және ТЖБ қызметкерлері, өз ісінің шеберлері балаларға бөлімді жабдықтаған машиналар мен арнайы техникасын және олардың кез-келген төтенше жағдайларды, соның ішінде өрттерді жоюға даярлығын көрсетті.
Тағы айта кетерлігі, өрт сөндіруші мамандығына өзін арнауға ниетті жасөспірімдер көптеген сұрақтар қойып, қызметкерлердің жауынгерлік киімдерін киіп көрді.
«Бұл экскурсия балалардың кем дегенде өрт қауіпсіздігі ережелерін біліп және әрқашан сақтап, ал қажет болған жағдайда өзін және жақындарын құтқаруда оң әсерін тигізетіндігіне сенеміз», — дейді Жамбыл ауданы ТЖБ аға инженері М.Алимбеков.