Отарда «АрМИ-2018» халықаралық ойындары өтеді

0 1

«Отар» 40-әскери базасында «АрМИ-2018» халықаралық ойындары өтеді.

Шараға Әзербайжан, Беларусь, Венесуэла, Иран, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Сирия құрама командалары жиналды.

Тәжікстан өкілдері келеді. Еліміздің аумағындағы өтетін додаға барлығы 12 мемлекеттен 18 команда қатысады. Бүгінде әскери қызметкерлер сайыстың бағыт-бағдарымен танысып, түрлі сынақтарда пайдаланылатын әскери техника мен қару-жарақтарын дайындап жатыр. Қатысушылар «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сенімді қабылдау» және «Сұңқар аңшылығы» атты байқауларда бақ сынайды. Шара 1 тамызда басталып, тоғызына дейін жалғасады.

Дереккөз: Хабар 24

Leave A Reply

Your email address will not be published.