Пойыздарда бос орын бар, билет жоқ

0 12

Павлодар-Алматы бағытына қатынайтын пойызбен билетсіз Алматыға дейін 20 мың теңге төлеп кете беруге болады. Ал ресми бекітілген жол жүру құны 12 жарым мың теңге шамасында. Сонымен қатар теміржол бекеті аумағында жолсеріктермен жолаушыларды байланыстыратын делдалдар жұмыс істейді.

Мұндай «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер «Құпия жолаушы» тәсілі арқылы әшкереленді. Облыстық мониторингтік топ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерімен бірлесіп теміржол кассаларына мониториг жүргізді. Нәтижесінде кассаларда билет жоқ, бірақ вагондарда бос орындар бар болып шықты. Ал тексеру жүргізуге Павлодар-Алматы бағыты әдейі таңдалды. Бұл – жаз мезгілінде жолаушылар ең көп қатынайтын пойыз әрі халықтан түсетін шағым да жиілеп кеткен.

Айнұр Сәдуақасова, ҚР МҚІСЖҚІА облыс бойынша департаментінің баспасөз хатшысы:

Біз анықталған дәйектерді «Қазақстан Темір жолы» АҚ ұйымдарына бағыттадық. Агенттіктің орталық аппаратына жібердік. Осындай олқылықтарды жою үшін ұсыныс та жасап отырмыз. Ол – билеттерді сатуды онлайн жүйесіне көшіру. Сонымен қатар маусымға байланысты пойыздардың бағытына мониторинг жүргізіп, қосымша бағыттар ашу.

Дереккөз: Хабар 24

Leave A Reply

Your email address will not be published.