Полиция қызметкерлері велосипедпен жүру ережесін түсіндірді

0 39

Астананың жол инфрақұрылымы бірте-бірте велосипедшілердің жүріп-тұруына ыңғайлы бола бастады, веложолдар салынып, велосипедшілерге көмекберетін құрылғылар салынды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Егер велосипедке арналған жол болмаса, велосипедші жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруге құқылы. Ол жол ережесіне сәйкес келеді, бірақ олар жаяу жүргіншіге қолайсыздық тудырмауы тиіс. Велосипедшінің жаяу жүргіншімен қақтығысуы жол-көлік оқиғасына жатқызылады. Егер бұл жағдайда велосипедшінің айыбы анықталса, ҚР Әкімшілік кодексінің 615-бабының 2-і бөлігі бойынша 10 АЕК есебінде айыппұл қарастырылған», — деді жергілікті полиция қызметінің инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Еркінов.
Егер керісінше жағдай болған болса, яғни жаяу жүргінші велосипедке арналған жолмен жүрсе, жаяу жүргінші велосипедке арналған жолмен жүре алады. Ал жаяу жүргіншіге арналған жолда, тротуарда қандайда бір кедергі болса – велосипедке арналған жолмен жүруге болады. Негізінен жаяу жүргінші тротуармен жүруі тиіс.
Веложолда басымдық велосипедшіге беріледі. Өйткені велосипед – бұл көлік құралына жатады, ол жоғары жылдамдықпен жүреді.

«Велосипедшілердің жүруі шектелген учаскелер бар. Ол үшін тыйым салатын жол белгілері орнатылған. Осындай белгілер орнатылған жерлерде жүруге болмайды. Жағалауда серуендеп жүретін адамдар өте көп, сол себепті ол жерде велосипедпен жүруге тыйым салынған», — деді Қ. Еркінов.

Велосипедшілер өздеріне арналған арнайы жол болмаған жағдайда, жолдың шетімен және автобустарға арналған жолақпен жүруге құқылы, бірақ тек 14 жасқа толған жағдайда ғана.

Сондай-ақ, полиция қызметкері атап өткендей, механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне велосипедшіге арналған жолмен жүруге, аялдауға немесе көлік құралын қоюға қатаң тыйым салынады.

«Көлік құралдары велосипедке арналған жолға мына жағдайда ғана шығуға құқылы, егер жол бөлігі мен велосипед жолының арасында – үзік сызық болса. Үзік сызық болған жағдайда олар жолаушыларды отырғызу және түсіру немесе аулаға кіру, ауладан шығуға мүмкіндік алады», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.